Wq/kk/Қазақ мақал-мәтелдері

< Wq | kk
Wq > kk > Қазақ мақал-мәтелдері

Адам туралы

edit
  • Адам деген ардақты ат.
  • Адамдықтан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.



Туған ел туралы

edit
  • Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
  • Ат айналып қазығын табар, ел айналып елін табар.
  • Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар.
  • Ер үйірін сағынса, айыл-тұман тағынар.
  • Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
  • Бақа көлін сүйеді, бұлдырық шөлін сүйеді, ер жігіт елін сүйеді.
  • Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.
  • Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
  • Ел іші – алтын бесік.
  • Елін сүйгеннің еңсесі биік.
  • Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.
  • Ер – еліңде, гүл – жеріңде.
  • Ер жігіт – елінің ұлы, намысының құлы.
  • Есі бар жігіт елін табар, есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
  • Есі бүтін елден шықпайды, елінің қырын жықпайды.
  • Есің барда елің тап.
  • Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол.
  • Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер.
  • Жер – алған ер, жер сатқан – қара жер.
  • Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
  • Кісі елінде күркірегенше, өз жеріңде дүркіре.
  • Қараған өз жерінде гүрілдер.
  • Құлан қағын қорғайды, киік лағын қорғайды.
  • Құлан өз қағынан өзі жерімес.
  • Мал қонысын іздейді, ер жігіт туысын іздейді.
  • Опасызда Отан жоқ.
  • Отан үшін – ерге тиген үлес.
  • Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе өзің жеткенің.
  • Отанды сүю – отбасынан басталады.
  • Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
  • Отансыздың оты жанбайды.
  • Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
  • Өз елім - өлең төсегім.
  • Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
  • Пәлен жерде алтын бар, барсаң, бақыр да жоқ.
  • Пәлен жерден пайда бар, өз еліңдей қайда бар?!

Жақсы жігіт жер шолып, ақыр түбі айналар.

  • Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды.
  • Сары ала қаз көлін аңсайды,

Ер жігіт елін аңсайды.

  • Сұңқар қиясын сағынады, торғай ұясын сағынады.
  • Туған елің болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай.
  • Туған жерге туың тік.
  • Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
  • Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
  • Туған жердің торғайы да сүйкімді.
  • Туған жердің торғайы тұрымтайдай көрінер.

Құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.

  • Туған жердің түтіні де тәтті.
  • Туған үйдің түтіні жылы, тұған ананың күтімі жылы.
  • Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.
  • Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат.

  • Шетте жүрсең тарығарсың, өз еліңді сағынарсың.
  • Іргесі берік елді жау ала алмас.

Ауызы бір елді дау ала алмас.

Халық туралы

edit
  • Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.
  • Айна айна емес, халық айна
  • Берекені көктен тілеме, Бірлігі мол көптен тіле.
  • Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол
  • Ел артындағы шаң жұтады, Ел алдындағы май жұтады.
  • Ел құлағы елу
  • Елге дұшпан жерге сыймас, Жерге дұшпан елге сыймас.
  • Елде түлкі аштан өлмес.
  • Елден безген көмусіз қалар.
  • Елді сыйлағанын өзіңді сыйлағанын.