Wq/kk/Бауыржан Момышұлы

< Wq | kk
Wq > kk > Бауыржан Момышұлы
  • Отаның үшін күрес — ерге тиген үлес.
  • Отан үшін отқа түс — күймейсің.
  • Өз ұлтын сүю — өзге ұлтты жек көру емес.
  • Жігіттің жігіттігін жау келгенде сына.
  • Батылдық тәуекел мен ақылдың есебінен шығады. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.
  • Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер — он ұл тапқан анадан артық.
  • Солдаттың аяғы ауырса, командирдің балтыры сыздайды.
  • Устав — ұрыстар тәжірибесінің жинақталған қаймағы.
  • Ұрыс бетпердені, өтірікті, жалған батылдықты жұлып тастайды.
  • Шындық — бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.
  • Тәртіпсіз — ер болмайды, тәртіпке бас иген — құл болмайды.
  • Еңбек етпей, шаршамай демалған да азап қой.
  • Ер бақыты — ел қолында,
    Ел бақыты — ерлер қолында.
  • Жерге теріңді төксең, жеміске кенелесің,
    Халық үшін қаныңды төксең, жеңіске кенелесің.
  • Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
  • Ерлік істелмесе — ешкім де қалам тербемейді.
  • Сен жаудан қашсаң — өмір сенен қашады.
  • Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
  • Жақпасаң да жағымпаз болма.
  • Үмітін жоғалтқан жан — ешқашан үміттеніп көрмеген жан.
  • Ар — жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анықтайтын адамгершілік ұғымы.
  • Өз кітаптарым — өз балаларым. Мен оларды бар жетістік, кемшіліктерімен қоса сүйемін. Олардың да Отаныма адал қызмет етуін қалаймын.

Дереккөз

edit

Бауыржан Момышұлы. Өсиет сөздер. — Алматы: «Өнер», 2012.