Wq/kk/Ахмет Байтұрсынов

< Wq | kk
Wq > kk > Ахмет Байтұрсынов
  • Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
  • Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.
  • Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.
  • Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!
  • Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
  • Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді,

біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!

  • Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!
  • Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!
  • Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.
  • Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.
  • Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.
  • Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.
  • Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.
  • Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.
  • Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.
  • Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.
  • Мектептің жаны – мұғалім.
  • Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.
  • Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
  • Сөздің ең ұлысы – тарих.
  • Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
  • Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз. ==Ш==
  • Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.