Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.
А
edit- Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар.
- Адамның түсініктерін қалыпстастыратын - мемлекеттің құрылу формасы.
- Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...
Б
edit- Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.
- Барлық адаммен дос адам, ешкімнің досы емес
- Басымыздағы нығметтердің қызығы оны достарымызбен бөліскенде арта түседі.
Д
edit- Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан
- Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.
Е
edit- Ерлік - аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.
Қ
edit- Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.
М
edit- Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.
Ө
edit- Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық.
- Өмір қимылды талап етеді.
- Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету.
П
edit- Платон менің досым, бірақ шындық қымбатырақ