Wq/kk/Абай Құнанбайұлы

< Wq | kk
Wq > kk > Абай Құнанбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер.

  • Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.
  • Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек.
  • Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
  • Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.
  • Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.

Бүгінгі дос ертең жау.

  • Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.
  • Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
  • Жастықта көкірек зор, уайым жоқ
  • Өзімшілдік — адамды бұзатын пиғыл.
  • Сөзіне қарай кісі ал, кісіге қарап сөз алма
  • Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.